Қарақияда полиция мен ауыл ақсақалдары құқықтық тәртіп мәселелерін талқылады

    Қарақияда полиция мен ауыл ақсақалдары құқықтық тәртіп мәселелерін талқылады

    Қарақия ауданы полиция бөлімінің бастығы, бөлімше бастықтары және ауыл ақсақалдарының қатысуымен бірлескен кездесу өткізілді.

    Кездесу барысында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды.

    Полиция қызметкерлері қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, елді мекендердегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

    Кездесуде ауыл ақсақалдарының қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы және жастарға дұрыс бағыт-бағдар берудегі рөлі атап өтілді. Осы ретте құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындар арасында заңға құрмет қалыптастыру бағытында полиция мен ауыл ақсақалдарының өзара ынтымақтастығын күшейтудің маңыздылығы айтылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша аудан аумағында заңдылық пен тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы бірлескен жұмысты одан әрі күшейту жөнінде келісім жасалды.

    Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік.
    Қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары