
ШҚО-да жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші оқиға орнынан қашуға тырысқан
ШҚО ПД Жедел басқару орталығына көлік жүргізушісі, алдын ала мәлімет бойынша, алкогольдік масаң күйде жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан кетуге тырысқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Полиция қызметкерлері дереу қажетті шара қабылдады. Жүргізуші көлігін тастап, жаяу қашуға тырысқанымен, полиция қызметкерлері оны ұстады.
Ол 45 жастағы ер адам болып шықты. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның алкогольдік масаң күйде болғаны және масаңдық дәрежесі орташа - 3,48 промилле екені анықталды.
Аталған құқық бұзушылық бойынша оған ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес, яғни көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.
Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада жауапкершілік көзделген. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі








