ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА НЫСАНДАРЫ ИЕЛЕРІНЕ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    ·
    ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА НЫСАНДАРЫ ИЕЛЕРІНЕ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығы» КММ қала аумағындағы алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра нысандарының меншік иелері мен пайдаланушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының талаптары түсіндіріліп, ресми хабарламалар таратылды. Онда тарихи-мәдени мұра нысандарының сәулеттік келбетін сақтау, жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын заңнамаға сәйкес жүргізу, сондай-ақ мұндай жұмыстарды бастар алдында уәкілетті мекемені алдын ала хабардар ету қажеттігі ескертілді.

    Аталған жұмыстар тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, қорғау және заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары