КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ШАХМАТ ҮЙІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

    ·
    КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ШАХМАТ ҮЙІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

    Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап, олардың орындалу барысымен танысты.
    Алдымен қалада алғаш рет ашылатын Шахмат үйінің дайындық жұмыстарын көрді. Нысан қалалық спорт клубына қарасты жұмыс істейтін болады. Қалалық спорт клубының директоры Бақдаулет Совет алдағы жұмыс жоспары мен үйірмелердің ұйымдастырылуы жөнінде баяндады.
    Соңғы жылдары қала жастары арасында шахмат спортына қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, жас шахматшылар үшін қолайлы жағдай жасалып, арнайы Шахмат үйі пайдалануға беріледі. Мұнда балалар мен жасөспірімдер тұрақты түрде үйірмелерге қатысып, зияткерлік спорт түрімен кәсіби деңгейде шұғылдануға мүмкіндік алады.
    Одан кейін қала әкімі Хантағы ауылында салынып жатқан учаскелік полиция пунктінің құрылыс барысын бақылады. Жауапты мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде және сапалы аяқтауды, сондай-ақ барлық құрылыс талаптарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары