Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2026 жылғы 20 шілдеде Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде жеке құрам арасында моральдық-психологиялық ахуалды зерделеу мақсатында жасырын сауалнама жүргізілді.
Сауалнама барысында қызметкерлердің психологиялық жағдайы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас және қызметтік ортадағы моральдық ахуал зерделенді.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің инспектор-психологтары полиция қызметкерлеріне суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, психологиялық тұрақтылықты сақтау және күйзеліс жағдайларын тиімді еңсеру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында басшылық құрамға «Суицидтің алдын алу алгоритмі» түсіндіріліп, жеке құрамның психологиялық әл-ауқатын арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Аталған жұмыстар қызметкерлердің психологиялық саулығын нығайтуға, қызметтік міндеттерін сапалы орындауына және ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті









