Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында профилактикалық іс-шаралар өткізілді

    ·
    Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында профилактикалық іс-шаралар өткізілді

    Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында аудандық полиция бөлімінің есебінде тұрған тұлғалармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шара учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен ұйымдастырылып, есепте тұрған азаматтармен жеке әңгімелесулер өткізілді.

    Кездесу барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары түсіндіріліп, отбасы мүшелеріне қатысты құқыққа қайшы әрекеттерге жол берілмейтіні айтылды. Сондай-ақ, мұндай құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтау, жанұядағы өзара сыйластық қағидаларын ұстану және кез келген құқық бұзушылықтың алдын алу қажеттігі жөнінде ескерту жасалды.

    Полиция қызметкерлері отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

    Аудандық полиция бөлімі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары