Жамбыл облысының әкімі Мойынқұм ауданындағы жаңартылған өрт сөндіру бөліміне барды

    ·
    Жамбыл облысының әкімі Мойынқұм ауданындағы жаңартылған өрт сөндіру бөліміне барды

    Жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданындағы жаңғырту жұмыстарынан өткен өрт сөндіру бөліміне барды. Өңір басшысын Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы мен бөлімнің жеке құрамы қарсы алды.

    Сапар барысында облыс әкіміне заманауи талаптар мен ТЖМ 2.0 саясатына сәйкес жаңартылған өрт сөндіру бөлімінің қызметтік кабинеттері, жеке құрам үшін жасалған жағдайлар және материалдық-техникалық жабдықталуы таныстырылды.

    Департамент бастығы жүргізілген жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде қызметкерлердің еңбек ету жағдайы едәуір жақсарып, бөлімшенің төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігі артқанын айқындап атап өтті. Өрт сөндіру бөлімін аралау барысында облыс әкімі Мойынқұм ауданының әкіміне аталған бөлімшені қосымша теледидармен және музыкалық орталықпен қамтамасыз етуді тапсырды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары