Жамбыл облысының қызметкерлері ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады

    Жамбыл облысының қызметкерлері ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады

    1 қазан – Қарттар күніне орай ТЖД қызметкерлері қызмет ардагерлерінің шаңырақтарына барып, мерекелерімен құттықтады.

    Кездесу барысында ардагерлерге көп жылғы адал еңбегі мен азаматтық қорғау жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіріліп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық амандық тілектер айтылды. Құрмет пен ізеттіліктің белгісі ретінде ардагерлерге атаулы папкалар мен ақшалай қаражаты бар конверттер табысталды.
    Мұндай кездесулерді өткізу Жамбыл облысы ТЖД-ның игі дәстүріне айналып, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, ардагерлерге деген құрметті арттыруға және олардың көп жылғы еңбегін дәріптеуге ықпал етеді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары