Шортанды ауданы әкімінің 2026 жылғы тұрғындармен тұрақты кездесуі

    Шортанды ауданы әкімінің 2026 жылғы тұрғындармен тұрақты кездесуі

    Жолымбет кентінде Шортанды ауданы әкімінің тұрғындармен тұрақты кездесуі өтті.

    Кездесу барысында аудан мен кенттің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы ақпарат берілді.

    Жиынға аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мемлекеттік мекемелердің жетекшілері және жауапты мамандар қатысты.

    Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер мен ұсыныстар айтылып, түрлі бағыттар бойынша сұрақтар қойылды.

    Тұрғындардың сауалдарына жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бірқатар ұсыныстар жауапты бөлімдерге жолданып, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шортанды ауданының әкімдігі" жаңалықтары