Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері, өрттің алдын алу шаралары және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар эвакуация кезінде сабыр сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау және өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарлау қажеттігі айтылды.
Жамбыл облысы ТЖД