Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейінің оқушыларымен арнайы профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында балаларға: - өрт кезіндегі дұрыс әрекет ету; - улы газдан уланудың алдын алу; - терезеден құлап кетудің алдын алу және қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, төтенше жағдай кезінде не істеу керектігі туралы пайдалы ақпарат алды. Бір минуттық сақтық – бір өмірді сақтап қалуы мүмкін! 101 – Өрт сөндіру қызметі 112 – Бірыңғай құтқару қызметі
Жамбыл облысы ТЖД