Талас ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді

    1 / 2

    «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» акциясы аясында Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Бота» бөбекжай-бақшасында профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

    Іс-шара барысында балабақша қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.

    Сонымен қатар балабақшада арнайы өрт қауіпсіздігі бұрышы ұйымдастырылып, өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі, эвакуациялау жолдары және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары