Меркі ауданында оқушылармен өрт қауіпсіздігі бойынша кездесу өткізілді

    1 / 2

    «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» акциясы аясында Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында оқушыларға азаматтық қорғау органдарының қызметі, құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің күнделікті жұмысы туралы ақпарат берілді.

    Сонымен қатар өрт шыққан жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді.
    Мамандар балаларға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, сіріңкемен және отпен ойнамау, сондай-ақ улы газдан уланудың алдын алу жолдары туралы кеңінен мағлұмат берді.

    Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және балалардың өмір қауіпсіздігі туралы білімін арттыруға бағытталған.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары