1 / 4
Жамбыл ауданы аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттің алдын алу және оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Онкүндік барысында Бауыржан Момышұлы атындағы, Ю. Гагарин атындағы және №1 орта мектептерде оқушылар мен педагогтерге түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шаралар аясында өрт қауіпсіздігі талаптары, өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету алгоритмі, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және эвакуациялау тәртібі түсіндірілді.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









