Жуалы ауданында «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» аясында іс-шаралар жалғасуда

    1 / 3

    Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары көпбалалы отбасына барды.

    Кездесу барысында мамандар тұрғын үйдегі қауіпсіздік талаптарын тексеріп, отбасы мүшелеріне өрттің алдын алу шаралары мен тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

    Сонымен қатар отбасылық қауіпсіздік сабағы және өрт кезіндегі іс-қимыл бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Балалар мен ата-аналарға төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі көрсетілді.

    Басты мақсат – өрттің алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әрбір отбасының тұрмыстық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

    Қауіпсіз үй – бақытты отбасының кепілі!

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары