ҚАУІПСІЗДІК – БІЛІМНЕН БАСТАЛАДЫ!

    1 / 6

    «Өрт қауіпсіздігі онкүндігі» аясында бүгінгі үшінші күнге орай Тараз қаласындағы №69 «Келешек мектепте» «Қауіпсіз өмір сүруді үйренеміз» атты танымдық-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

    Іс-шараға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы мен Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы қатысты.

    Кездесу барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, интерактивті викторина ұйымдастырылды. Сонымен қатар өрт сөндіргішті пайдалану тәртібі көрсетіліп, төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекеттер үйретілді.

    Сондай-ақ оқушылар арнайы қонақпен кездесіп, өрт сөндіру-құтқару техникасы мен арнайы жабдықтардың жұмысымен танысты.

    Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, өрттің алдын алу және балаларды төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету.

    Қауіпсіздік ережелерін білу – өз өміріңді қорғаудың алғашқы қадамы!

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары