Өрт сөндіру қауіпсіздігінің онкүндігі” аясында Сарысу ауданында оқушылармен іс-шара өтті

    1 / 3

    «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» аясында Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудандық полиция бөлімі және Жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесіп, Балтабай Адамбаев атындағы орта мектепте профилактикалық іс-шара өткізді.

    Кездесу барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі талаптары, өрттің алдын алу шаралары, төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелері және өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

    Сонымен қатар қауіпсіздік талаптарын сақтау – әрбір азаматтың міндеті екендігі атап өтілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары