1 / 3
Жамбыл ауданы аумағында «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» аясында білім беру ұйымдарында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, «Балдырған» және «Ертегі» балабақшаларында тәрбиеленушілер мен тәрбиешілерге өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.
Іс-шара барысында өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және қауіпсіз эвакуациялау тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басты мақсат – балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, өрттің алдын алу және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын үйрету.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









