1 / 3
«Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» аясында Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Нұршуақ бөбекжай-бақшасында профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер мен балабақша қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі көрсетілді. Сонымен қатар балаларға қауіпсіздік ережелері жас ерекшеліктеріне сай, түсінікті әрі қызықты форматта жеткізілді.
Мұндай профилактикалық шаралар балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








