1 / 3
Талас ауданы аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттің алдын алу және оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» акциясы өткізілді.
Онкүндік аясында білім беру ұйымдарында оқушылар мен педагогтер арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптары, өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету алгоритмі, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және эвакуациялау тәртібі түсіндірілді.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








