Меркі ауданында «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» акциясы аясында мектепке дейінгі ұйымдарда өрттің алдын алуға және бүлдіршіндердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Іс-шара барысында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Таңшолпан» балабақшасының тәрбиеленушілерімен және тәрбиешілерімен кездесті.
Кездесу кезінде балаларға өрттің пайда болу себептері, өрт болған жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ сіріңкемен және отпен ойнаудың қауіптілігі, электр құралдарын пайдалану кезіндегі сақтық шаралары айтылды.
Ал тәрбиешілерге өрт қауіпсіздігі талаптары, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану және балаларды қауіпсіз жерге эвакуациялау тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар бүлдіршіндермен шартты эвакуация жаттығуы өткізіліп, өрт сөндірушілердің арнайы киімдері мен құрал-жабдықтары таныстырылды.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








