Халықаралық қарттар күніне орай Научный кентінде мерекелік іс-шара өтті

    Халықаралық қарттар күніне орай Научный кентінде мерекелік іс-шара өтті

    Халықаралық қарттар күніне орай Научный кентінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, кенттің ардақты қарттарына құрмет көрсетілді.

    Мерекелік шара барысында аудан әкімі - С. Шабаров қазыналы қарияларды айтулы мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіледі. Сонымен қатар, ауданның қоғамдық және әлеуметтік өміріне белсенді араласқан бірқатар ардагерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

    Шара барысында жиналғандарға аудан өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылып, әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер орындалды. Мерекелік көңіл-күйге бөленген қариялар өнерпаздарға ризашылықтарын білдірді.

    Іс-шара барысында үлкенге құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шортанды ауданының әкімдігі" жаңалықтары