«HI-TECH» ЖПІШ: интернет-алаяқтықтан сақ болыңыз!

    ·
    «HI-TECH» ЖПІШ: интернет-алаяқтықтан сақ болыңыз!

    Республика көлемінде өткізіліп жатқан «HI-TECH» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Бейнеу ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Полицейлер азаматтарға жалған интернет-дүкендерден, өзін банк қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтардан, күмәнді сілтемелер мен қосымшалардан сақ болу қажеттігін түсіндірді.

    🔹 Жеке және банк деректеріңізді ешкімге бермеңіз;
    🔹 SMS арқылы келетін бір реттік кодтарды ешкімге хабарламаңыз;
    🔹 Күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіз.

    Іс-шара барысында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

    Сақ болыңыз! Интернет-алаяқтардың құрбанына айналмаңыз!

    Бейнеу ауданы полиция бөлімі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары