Жамбылдық мемлекеттік қызметшілер «Сұлтан Бейбарыс» тарихи драмасын тамашалады

    ·
    Жамбылдық мемлекеттік қызметшілер «Сұлтан Бейбарыс» тарихи драмасын тамашалады

    Жамбыл облысы әкімі аппараты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

    Меморандум аясында облыс бойынша мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне өңірдегі облыстық театрлардың мемлекетке, ұлтқа қызмет ету тақырыптарындағы қойылымдарын тамашалауға мүмкіндіктер жасау арқылы мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мақсаты көзделген.

    23 маусым – Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театрында жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарыс» тарихи драмасын Жамбылдық мемлекеттік қызметшілер тамашалады.

    Қойылымды тамашалауға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Болат Коптикбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай және өзге де басқарма басшылары көруге арнайы келді.

    Қойылым оқиғасы - бейбіт өмір сыйлаған әділ басшы, мықты дипломат, батыр болған Бейбарыстың күрестерін, жеңістерін, достық пен опасыздық арасындағы таңдауларын паш етеді. Қойылым – қол астындағы мемлекеттердің өркендеуі мен дамуын қамтамасыз еткен, көреген басшы ретінде ел жадында қалған, Отанына деген сүйіспеншілікті бүкіл ғұмырында жанына медеу еткен күрескер, тарихи тұлғаны барынша көрерменге әсерлі жеткізеді. Көрерменді ойландырып, ұлт тарихын түсінуге зор мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары