Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жиын өткізілді

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қызметкерлердің қатысуымен жиын өткізілді.

    Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.

    Жиын қорытындысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі екендігі атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары