2026 жылғы 25 шілдеде Маңғыстаудың бес киелі кешенінің Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілуі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың III отырысында берген тапсырмасын орындаудың нәтижесі болды. Қазақстандық делегацияны басқарған Ерлан Карин атап өткендей, халықтың рухани мұрасы мен мәдени бірегейлігінің әлемдік деңгейде танылуы ескерткіштерді болашақ ұрпақ үшін сақтауға айрықша жауапкершілік жүктейді.
2026 жылғы 9 қазанда Ақтауда ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитетінің «Маңғыстаудағы жерасты мешіттері және олармен байланысты киелі нысандар» номинациясына қатысты шешімін орындау бойынша аймақтық жұмыс кездесуі өтті. Қатысушылар тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау жөніндегі алдағы шараларды, сондай-ақ еліміздің атынан ЮНЕСКО тізіміне енгізу үшін ұсынып отырған Үстірт номинациясын бағалауға халықаралық сарапшылардың келуіне дайындық барысын талқылады.









