Ақтауда фискалдық чектерді мемлекеттік тілде беру мәселесі талқыланды

    1 / 3

    Ақтауда кәсіпкерлердің фискалдық чектерді Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес рәсімдеу мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға мемлекеттік орган өкілдері, кәсіпкерлер, сауда орталықтарының басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Іс-шара барысында мемлекеттік тілде фискалдық чек берудің заңнамалық талаптары, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және кәсіпкерлік саласындағы тіл саясатының маңызы талқыланды.

    Жиында фискалдық чектің тұтынушы құқығын қамтамасыз етудегі рөліне ерекше мән берілді. Департамент басшысының айтуынша, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 7-бабына сәйкес азаматтардың тауар, жұмыс, қызмет және сатушы туралы толық әрі сенімді ақпарат алуға, сондай-ақ сатып алу фактісін растайтын құжатты алуға құқығы бар.

    Жиын қорытындысында кәсіпкерлерге тіл туралы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнама талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, техникалық мәселелерді шешу және тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында ұсыныстар айтылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары