Ағымдағы жылғы 9 қазан күні Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты жобасы өтті

    1 / 3

    Ағымдағы жылғы 9 қазан күні Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты жобасы өтті.

    Жоба «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің «Қарашаңырақ» ғимаратында өткізілді. Сондай-ақ форумға облыстың барлық ауданның мектептерінен 150 жас маман қатысты.
    Айта кетсек бұл жоба «STEM. AI. INNOVATION» жас педагогтерге арналған халықаралық коннектісі аясында өңірімізде бесінші жыл жүзеге асып келеді.

    Жоба аясында жас ұстаздармен топтық шаралар мен семинарлар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, музей залдарына экскурсиялар жүргізілді.
    Бұл жобаның басты мақсаты – жас ұстаздарға кәсіби жолының алғашқы кезеңінде қолдау көрсету, тәжірибе алмасуға жағдай жасау және олардың алдағы кәсіби дамуына бағыт-бағдар беру болып саналады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары