ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ МЕН ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАҚЫЛАНДЫ

    1 / 7
    Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібековтің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда атқарушылық тәртіп, тапсырмалардың орындалуы, азаматтардың өтініштерін қарау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері талқыланды.
    Жиында облыс және қала әкімдерінің хаттамалық тапсырмалары, жеке қабылдауларда көтерілген мәселелер, тұрғындардың өтініштері, мемлекеттік қызмет көрсету барысы, халықпен кездесулерде айтылған ұсыныстар мен талап-тілектердің орындалуы қаралды. Сонымен қатар «Е-қызмет» жүйесіндегі өзекті мәселелер мен комиссиялардың хаттамалық тапсырмалары талқыланды.
    Облыс және қала әкімдерінің тұрғындармен кездесулері барысында көтерілген мәселелердің орындалу барысына талдау жасалды. Бірқатар тапсырманың орындалғаны атап өтіліп, қалған мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
    Мәжілісте азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде қарап, әрбір өтініш бойынша нақты әрі сапалы жауап беру қажеттігіне назар аударылды. Тұрғындар көтерген мәселелерді назардан тыс қалдырмай, олардың шешілу барысын жүйелі бақылау маңызды екені атап өтілді.
    Жиын қорытындысы бойынша жауапты бөлімдерге тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, мерзімі өткен мәселелерді бақылауға алу, тұрғындар өтініштерін сапалы қарау және атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсыну тапсырылды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары