МӘСЛИХАТ САЙЛАУЫ 29 ҚАРАШАДА ӨТЕДІ

    Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашада өтеді.
    Еліміздегі 228 мәслихатқа 3 447 депутат сайлау жоспарланған. Оның ішінде 668 депутат облыстық, 626-сы қалалық, 2 153-і аудандық мәслихаттарға сайланады.
    Кандидаттарды ұсыну 14 қазанда басталып, 27 қазанда аяқталады. Ал сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 1 қарашадан басталып, 28 қарашада тоқтайды.
    Дауыс беру күні сайлау учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сайлау қорытындылары 3 желтоқсаннан кешіктірілмей анықталуы тиіс.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары