1 / 6
Түркістан қаласында әлеуметтік саясаттың басым бағыттары бойынша кеңес өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы төрағалық етіп, жауапты бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты.
Кеңесте отбасылық цифрлық картаны өзектендіру, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың жағдайын бағалау және мүгедектігі бар адамдарға қатысты мәселелер қаралды.
ОЦК деректеріне сәйкес, жыл басынан бері D және E санатындағы отбасылар саны 16 313-тен 15 425-ке дейін азайған. Нәтижесінде аталған санаттардағы отбасылар саны 888-ге төмендеді.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға мүгедектік мәртебесін тағайындау кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мәселесіне назар аударылды. Осы бағытта мәртебенің негізсіз тағайындалуы мүмкін фактілерін зерделеу, оларды анықтау және расталған жағдайлар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, цифрлық деректердің өзектілігін қамтамасыз ету және мүгедектігі бар адамдарды оңалту бағытындағы жұмыстардың заң талаптарына сәйкес жүргізілуін бақылау мәселелері түсіндірілді.









