1 / 14
Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы Бірлік секторына қарасты Атабай тас жолы көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу аясында жолға екі қабат асфальт жабындысы төселеді. Қазіргі уақытта ескі асфальт қабаты алынып, негізгі жұмыстар атқарылуда. Жөндеу жұмыстарын 10 қарашада аяқтау жоспарланған.
Жалпы, Түркістан қаласында 2026–2027 жылдары ұзындығы 110,7 шақырымды құрайтын 143 көшеге орташа жөндеу жүргізу көзделген. Қазіргі таңда 48 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.









