ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 6
    Түркістан қаласында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа тәсілдерін түсіндіру мақсатында ақпараттық кездесу өтті.
    Бекзат секторындағы тұрғындармен өткен жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, әлеуметтік қолдау жүйесіндегі өзгерістердің негізгі бағыттарын түсіндірді.
    Жаңа тәсілдің басты мақсаты – мемлекеттік көмекті отбасының нақты әлеуметтік жағдайы мен мұқтаждық деңгейін ескере отырып, атаулы түрде көрсету. Жоспарланған жүйе бойынша отбасының әл-ауқаты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде бағаланады.
    Кездесу барысында әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі, отбасының әлеуметтік жағдайын бағалау тетіктері және алдағы өзгерістер жөнінде ақпарат берілді. Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстары тыңдалды.
    Жиында базалық мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің сақталатыны атап өтілді. Реформаның негізгі мақсаты – бюджет шығыстарын қысқарту емес, мемлекеттік ресурстарды халық арасында әділ әрі тиімді бөлу.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары