1 / 7
2026 жылғы 7 қазанда Маңғыстау облыстық халық шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығының концерт залында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дәстүрлі «Сырлы әлем» облыстық шығармашылық байқауы өтті. Биыл 20 жылдан астам тарихы бар байқауға облыстың аудан-қалаларынан, қоғамдық ұйымдар мен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарынан 96 өнерпаз қатысты.
Қатысушылар ән, аспаптық орындау, хореография, бейнелеу өнері және қолөнер бағыттарында таланттарын танытып, шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Байқау өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін қолдап, таланттарын танытуға және мәдени өмірге белсенді араласуына мүмкіндік берді. Шара аясында тең мүмкіндік, құрмет пен қолдау құндылықтары дәріптелді.









