
Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдарға арналған кеңес өткізді. Іс-шара мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесуде нормативтік-құқықтық актілердің жаңа талаптары мен құжаттаманы рәсімдеу тәртібі пысықталды. Қатысушыларға өтініш беру кезінде жиі кездесетін қателіктер мен олқылықтарға қатысты талдау нәтижелері ұсынылды.
Жиын қорытындысы бойынша мекеме өкілдеріне заңнама талаптарын сақтау және мемлекеттік қызмет алу барысында құжаттарды дайындауда кемшіліктерге жол бермеу жөнінде нұсқаулықтар берілді.









