ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

    ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

    ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

    2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Осыған орай Әуезов ауданының Комьюнити орталығында жастармен «Қазақстан Республикасының Конституциясы: құндылықтар, құқықтар және жауапкершілік» тақырыбында кездесу өтті.

    Іс-шара барысында жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары, енгізілген өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершіліктің маңызы кеңінен түсіндірілді.

    Кездесу аясында аудан әкімінің атынан белсенді жастарға Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы табысталды.Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, конституциялық құндылықтарды дәріптеуге және азаматтық белсенділікті нығайтуға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары