Бүгін мобильді фронт-офис Жамбыл ауданының Пресновка ауылында кәсіпкерлермен кездесу өткізді

    ·
    Бүгін мобильді фронт-офис Жамбыл ауданының Пресновка ауылында кәсіпкерлермен кездесу өткізді

    Іс-шараға «Даму» қорының, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, «Солтүстік» ӘКК және Халық Банкінің өкілдері қатысты.

    Мамандар «Іскер аймақ» және «Ауыл аманаты» бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді. Кәсіпкерлер бағдарламаларға қатысу шарттарымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

    Кездесу соңында қатысушыларға кәсіп ашу және оны дамыту, мемлекеттік қолдау алу, сондай-ақ қолжетімді қаржыландыру құралдары бойынша жеке консультациялар берілді.

    Мобильді фронт-офистің келесі кездесуі Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда өтеді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары