Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Дүзелбаевтің төрағалығымен Кәсіпкерлер күніне орай өңірде кәсіпкерлікті дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосқан бизнес өкілдері мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Облыс әкімінің және «Атамекен» ҰКП Президиум төрағасының Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ Алғыс хаттарымен кәсіпорын басшылары мен шағын және орта бизнес өкілдері, кәсіпкерлер палатасының сарапшылары марапатталды. Олар өңірдің бизнесін, өнеркәсібін, туризмін және саудасын дамытуға, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына және жаңа жұмыс орындарын құруға елеулі үлес қосқан.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері де ерекше марапаттарға ие болды. Экономика мен жеке кәсіпкерлікті дамытудағы айрықша еңбегі үшін қызметкерлердің бірі III дәрежелі «Адал еңбегі үшін» медалімен, ал көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін тағы бір қызметкер «Атамекен Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Марапаттау рәсімі кәсібиліктің, жауапкершілік пен өз ісіне адалдықтың лайықты бағасы болды. Әрбір марапат иесінің еңбегі іскерлік қоғамдастықты нығайтуға, жеке кәсіпкерлікті дамытуға және Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









