
«МИРАНДА ЕРЕЖЕСІН»
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ БЕКІТУ
Жаңа Конституцияның 18-бабы бойынша әрбір адамның жеке бас бостандығына құқығы бар және ешкімді негізсіз бостандығынан айыруға болмайды.
Адамды ұстау тек сот шешімі негізінде және заң шеңберінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін, мұндай шешімге шағымдануға болады.
Ұстау кезінде адамға оны не үшін ұстағаны және қандай құқықтары бар екені түсіндірілуі тиіс («Миранда ережесі»), содан кейін ол бірден адвокаттың көмегіне жүгінуге құқылы.
Бұл адамның заңды негізсіз ұсталуына жол берілмейтінін және оның құқықтары ұсталған сәтінен бастап қорғалуға тиіс екенін білдіреді. задержания.









