
10 маусымда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің (ҮК) жаңа мүшелері сайланды.
Шығыс Қазақстан облысынан Үйлестіру кеңесінің құрамына Ашимова Аяужан мен Каленова Аксана енді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Ұлттық превентивтік тетіктің қызметін тиімді үйлестіру мақсатында консультативтік-кеңесші орган – Үйлестіру кеңесі құрылған. Ол Азаптаулардың алдын алу жөніндегі кіші комитетпен өзара іс-қимыл жасайды, ҰПТ қатысушыларын іріктейді, өңірлік топтарды қалыптастырып, олардың жетекшілерін тағайындайды, бару жоспарларын айқындайды, бару қорытындылары бойынша есептерді қабылдайды, ҰПТ-ның шоғырландырылған баяндамасын әзірлейді, сондай-ақ ҰПТ шеңберінде Омбудсмен мандатын іске асыруға өзге де түрде жәрдемдеседі.
Үйлестіру кеңесінің құрамына тек азаматтық қоғам өкілдері ғана кіретінін атап өткен жөн. Дәстүрлі түрде ең жоғары тиімділікті қоғамдық ұйым өкілдері, белсенді азаматтар, бейінді мамандар мен сарапшылар көрсетіп келеді.









