Үш буын бірдей сайлау учаскесінде

    1 / 2
    Ақжайық ауданында сайлау учаскесіне отбасымен келіп, дауыс беріп жатқан тұрғындар бар. Солардың бірі – Тайпақ ауылының тұрғындары, Жүзжасаровтар отбасы.
    Отағасы Ербол Жүзжасаров жұбайы Гүлсара, ұлы Мирас, келіні Аружанмен бірге сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Олар бүлдіршін немересін де ерте келген. Осылайша бір шаңырақтың үш буыны бірдей сайлау учаскесінен табылды.
    – Бүгін отбасымызбен бірге дауыс беруге келдік. Балаларымыздың ел өміріне бейжай қарамай, қоғамдық істерге араласқанын қалаймыз. Біз үшін туған жеріміздің дамуы, ұрпағымыздың болашағы маңызды. Немеремізді де ерте келдік. Бала көргенінен үйренеді ғой, – дейді отағасы Ербол Жүзжасаров.
    Тайпақ ауылында, негізінен, отбасымен келіп дауыс беру жағынан белсенділік жоғары екенін атап өткен жөн.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақжайық ауданының әкімдігі" жаңалықтары