Суретте - күні кеше әскери борышын өтеп келген ілбішіндік Нұрсұлтан Жәрдем. Туған мекені Ілбішін ауылына оралған 22 жастағы азамат бүгін №16 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Жас сарбаз Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш елді мекеніндегі Бауыржан Момышұлы атындағы №28237 әскери бөлімде Отан алдындағы борышын өтеді.
Әскерден азаматтық өмірге оралған Нұрсұлтанның алға қойған жоспары көп. Ендігі мақсаты – төтенше жағдайлар саласында қызмет ету.
– Туған ауылыма келгенім кеше ғана. Бүгін сайлау учаскесіне келіп, дауыс бердім. Әскерде тәртіпке, жауапкершілікке үйрендік. Дауыс беру де – үлкен жауапкершілік. Жастар үшін ауылдың болашағы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, туған жердің дамуы маңызды, сондықтан ауылымның ертеңі үшін өзге де замандастарым таңдау жасап, атсалысады деп сенемін, – дейді Нұрсұлтан.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








