Облыс әкімі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

    1 / 12

    Аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы Семей медицина университеті ғимаратында орналасқан №93 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

    Абай облысы бойынша сайлаушылар саны 400 074 адамды құрайды. Өңірде құрамында 4036 мүшесі бар 632 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 13 аумақтық, 155 округтік және 464 учаскелік сайлау комиссиясы бар.

    Абай облысы бойынша 174 депутаттық орынға 523 үміткер тіркелген (47-сі партиялық тізім, 476-сы бірмандаттық округ). Облыстық мәслихатқа 30, қалалық мәслихаттарға 33, аудандық мәслихаттарға 111 депутат сайланады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының әкімдігі" жаңалықтары