Бүгін, 29 қарашада, мәслихат депутаттарын сайлау күні Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігінде, сондай-ақ қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікті ақысыз пайдалана алады. Бұл шара азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау және сайлау учаскелеріне жылдам жетуіне мүмкіндік беру үшін қабылданды.
Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес, сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін әдеттегі режимде жұмыс істейді.
30 қарашадан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қатынайды. Жолаушылар жол жүру уақытын жоспарлау кезінде осы жайтты ескерген жөн.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









