Астанадан бір күнде 800-ден астам жүк көлігімен қар шығарылды

    1 / 7

    Елорданың коммуналдық қызметі бірнеше ауысыммен күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала көшелерінен қар тәулік бойы шығарылуда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

    Күндізгі ауысымда 841 рейс жасалып, елордадан 12,5 мың текше метрден астам қар шығарылды.
    28 қарашадан 29 қарашаға қараған түні қар тазалау жұмысына 500-ден астам жол жұмысшысы мен 1 000-ға жуық арнайы техника шықты.

    Айта кетейік, ең алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік жүретін көшелер қардан тазартылады. Одан кейін коммуналдық қызмет көлік қозғалысы орташа қарқынды учаскелерде, сондай-ақ аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалау жұмысын жүргізеді.

    Астана әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын жолдар мен тротуарларда сақ болуға, қауіпсіздік шараларын ұстануға және жолға шығар алдын ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары