«Сыбайлас жемқорлық – дерт, онымен күресу – ортақ міндет» тақырыбында дәріс өтті

    1 / 3

    Алматы қаласы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы Д. Нурекина Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білім алушыларына «Сыбайлас жемқорлық – дерт, онымен күресу – ортақ міндет» тақырыбында дәріс оқыды.

    Дәріс Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

    Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамда жемқорлық көріністеріне деген мүлдем төзбеушілік қағидатын орнықтыру.

    Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамның дамуына, мемлекеттік институттарға деген сенімге және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне тигізетін кері әсері сөз болды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптары, құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктері және жемқорлық фактілері үшін көзделген жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

    Спикер жастардың қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымының маңыздылығына тоқталып, заң талаптарын сақтау, адалдық пен әділдікті өмірлік ұстанымға айналдыру қажеттігін атап өтті.

    Кездесу соңында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

    Мұндай кездесулер жастардың құқықтық білімін жетілдіріп қана қоймай, олардың бойында адалдық, жауапкершілік және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары