Алматы қаласы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметшілері туралы топтама

    1 / 2

    Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында Алматы қаласы Әділет департаментінің жұмыста өзін лайықты көрсеткен мемлекеттік қызметшілері туралы циклды назарларыңызға ұсынамыз.
    Оспанова Жулдыз Ануаровна – Алматы қаласы Әділет департаменті Әкімшілік бөлімінің бас маманы.

    Жетісу облысы тумасы, 2004 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірді.

    Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысында Көксу ауданындық сотының бас маманы ретінде қызметін атқарды.

    2022 жылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің – Алматы қаласы бойынша департаментінің дактилоскопиялық есепке алу инспекторы болып жұмысқа орналасты.

    Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі Алматы қаласы Әділет департаменті әкімшілік бөлімінің бас маман жұмысын атқарады.
    ​Қызметтік міндеттерін орындау барысында кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігін көрсетіп келеді. Өзіне жүктелген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындауға ерекше мән береді. Қызмет барысында заңдылық пен тәртіпті сақтауды басты назарда ұстайды.

    Әр жылдары сот жүйесі мен прокуратура оргындарында жинақталған мол тәжірибесі қазіргі қызметін тиімді атқаруына негіз болып отыр.

    Кәсіби білімін үнемі жетілдіруге, заңнамадағы өзгерістерді зерделеуге және тәжірбиесін арттыруға көңіл береді. Жаңа білім мен тәжірибені күнделікті қызметінде тиімді қолдануға ұмтылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары