Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Жетісу облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының қызметкерлері Жетісу мемлекеттік университетінің 4-курс студенттеріне «Дәлелдемелер мен дәлелдеу» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттерге дәлелдемелердің түсінігі мен түрлері, дәлелдеу процесінің негізгі қағидалары, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалау тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар қылмыстық іс бойынша мән-жайларды жан-жақты әрі объективті анықтауда дәлелдемелердің маңызы мен тергеушінің практикалық қызметіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіби білімін жетілдіруге және құқық қорғау органдарының қызметімен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









