Жетісу полицейлері абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылауды жалғастыруда

    Жетісу облысының полицейлері қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қоршаған ортаны ластау және қоқысты белгіленбеген орындарға тастау деректерінің алдын алу мен жолын кесу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

    Бұл ретте Жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау камераларының мүмкіндіктері кеңінен қолданылады. Олардың көмегімен қоғамдық орындарға тұрмыстық қалдықтарды, темекі тұқылдарын және өзге де қоқыстарды тастау фактілері анықталады.

    Тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар анықталып, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

    Сонымен қатар полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көшелер мен аулалардың тазалығын сақтау, абаттандыру талаптарын орындау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертеді.

    Полиция тазалық сақтау – баршаға ортақ міндет екенін еске салады. Әрбір тұрғынның жауапкершілігі таза әрі жайлы ортаның қалыптасуына тікелей әсер етеді.

    Аталған бағыттағы жұмыстар «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалғасуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары