«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Талдықорған қаласындағы Инновациялық колледж студенттеріне профилактикалық сабақ өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Кездесу барысында полицейлер студенттерге қолданыстағы заңнама талаптарын, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің қай жастан басталатынын, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын түсіндірді.
Ұсақ бұзақылық, ұрлық, буллинг, қоғамдық тәртіпті бұзу және жастар арасында кездесетін өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Полиция қызметкерлері студенттерді өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға, айналасындағы адамдардың құқықтарын құрметтеуге, заң талаптарын сақтауға және теріс ықпалға бой алдырмауға шақырды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









